ШҚО-да көне әндер энциклопедиясы жарық көрмек

549
көрілім
Фотосурет - massaget.kz сайтынан.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ертеде бабаларымыз орындаған көне әндердің энциклодепидясын жасауды ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

— 100-200 жыл бұрын Шығыс Қазақстанның елді-мекендерінде қандай ән орындалып еді, xалық шығармашылығы қандай болды, осының бәрі бұқараға қызықты болар еді. Сондықтан «Туған жер» бағдарламасы бойынша ертеде бабаларымыз орындаған көне әндердің энциклодепиясын жасауды ұсынамын, — деді Даниал Аxметов.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл іспен қазіргі таңда ШҚО университеттері айналысып жатыр. Енді оған өңірдегі білім шаңырақтары да атсалысса игі.