ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?

375
көрілім
Шартты фотосурет

Аймақта жұқпалы дертке шалдыққан науқастар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Қазірде жалпы өңір бойынша 8 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде 1 пациент көз жұмды. Алты адамның денсаулық жағдайы орташа болса, бір науқастың хәлі тұрақты ауыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланған.