ШҚО-да құрбан айт мейрамы қарсаңында бәйге жарысы өтеді

632
көрілім
Фотосурет - ulttyqsport.kz сайтынан.

Биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт мерекесінде облыста жүлде қоры бір миллион теңгені құрайтын бәйге жарысы өтпек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы мәлімдеп, қасиетті мерекеге дайындық барысы жайлы айтып, жоспарлармен бөлісті.

Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз. Ағымдағы жылы алғаш рет осы мерекеге орай қалалық ипподромда жүлде құны 1 млн теңге құрайтын бәйгеден жарыс өткізіледі. Тек бәйге емес, тазы жарысы, қыз қуу, аударыспақ сынды жарыстар да өтеді, – деді Ермек қажы Қасболатұлы.

Құрбандық шаламын деушілерге қала шетіндегі Шығыс ауылының маңынан арнайы орын бөлінеді. Ол жерге қоқыс төгетін урналар қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ.