ШҚО-да медицина саласына жас мамандар тартылуда

239
көрілім

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы өңірге жас мамандарды тарту жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Айта кетейік, аймақтың медициналық ұйымдарын мамандармен қамтамасыз ету ведомствоның басым бағыттағы жұмыстарының бірі.

Жуықта Шығыс Қазақстанның көптеген белді мамандарын дайындауда альма-матер болған, еліміздегі ірі білім беру ошағы Семей медициналық университетінде ағымдағы 2022 оқу жылының интернатура түлектерімен жұмыс берушілер кездесті. Өз ұйымдарына жұмысқа шақыруға аталмыш кездесуге 20-дан астам бас дәрігерлер жиналды. Медициналық мекеме басшылары өз вакансиялары, мекеме тірлігінен, болашақ жоспарлары жайлы бөлісіп, жұмысқа шақырды.

Атап өту керек, өткен жылы аймақтың аурухана және емханаларға еңбек етуге 142 жас маман тартылды. Тағы бір маңызды жайт, ол ауыл және аудандық жерлерге еңбек етуге барған жастарды материалдық қолдау, баспанамен қамту жағы да айтарлықтай орындалуда. Өткен жылы аудандарға барған 42 жас маман пәтермен қамтамасыз етілді. Ал ағымдағы, яғни 2022 жылға Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 184 маманға сұраным жасалды. Олардың ішінде 16 офтальмолог, 41 маман анестезиология және реаниматология саласына, кардиологияға – 10, акушерлік-гинекологияға – 18 маман тарту көзделген.