ШҚО-да мектеп жиһаздарының тек 30 пайызы ғана жергілікті өндірушілерден алынады

581
көрілім

Жақында облыс орталығында өтетін көрмеде жергілікті кәсіпкерлер мектептер мен балабақшаларға арналған жиһаз түрлерін ұсынбақ. Өңір билігі мұндай әдіс білім ордалары басшыларының мектепке парта мен орындық сатып алуда облыстағы кәсіпкерлердің өнімдерін таңдауына жағдай жасайды деп отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аталмыш мәселе облыс әкімдігінің отырысында талқыланды.

– Жыл сайын біз кем дегенде бес мектеп тұрғызамыз. Бірақ жиһазды Павлодардан әкелеміз, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Шығыс Қазақстанда да жиһаз жасайтын фабрикалар бар ғой. Сондықтан өзіміздегі мектептер мен балабақшаларға арналып шығарылатын жиһаздың сапасы мен бағасын зерделеу қажет. Егер біздің тауар басқалардан кем түспесе, соны ұсынайық.

Ал жиһаздың бағасы мен сапасын ШҚО Кәсіпкерлер палатасы талдамақ. Аталмыш ұйым облыс мектептеріндегі мектеп жиһаздарының 30 пайызы ғана жергілікті жерде жасалып, қалғаны шеттен әкелінетінін алға тартты.