ШҚО-да наурыз айында ауа райы қандай болады?

681
көрілім
Шартты сурет

«Қазгидромет» РМК  мамандары наурыз айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Болжамға сүйенсек, бірінші онкүндікте батыс және Сібір антициклонының күшеюіне байланысты аймақта ауа температурасы -15°С тен -25°С-ке дейін қысқа мерзімді төмендеуі күтілуде.
Суық ауа массалары тараған соң температура түнде 0-ден -8°С-қа дейін көтеріліп, күндіз 0-ден +5°С аралығын қамтиды.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде тұрақсыз ауа райы сипатталып, қар аралас жаңбыр, желдің күшеюі болжануда. Түнде температура -12°С-тан -23°С-қа дейін, күндіз -6°С-тан +16°С аралығында болады деп күтілуде.