ШҚО-да нөсер жауын күтіледі

618
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші - 15-20 м/с-ге жетуі ықтимал.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-25 м/с күшейеді деп болжауда. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.