ШҚО-да облыстық маңызы бар бірқатар жолды су шайып кету қауіпі бар

395
көрілім
Шартты фотосурет

Көктемде өңірдегі бірқатар жолды тасқын су шайып кету қауіпі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көбі Катонқарағай ауданы аумағында дейді.

– Жолдарды күтіп ұстауға «ОблШығысЖол» ЖШС жауапты, – дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрдан Жұмаділов. – Былтырғы тәжірибеге сүйеніп, 13 учаскені ерекше бақылауға алып отырмыз.

Бұлар:

  • Үлкен Нарын - Күршім

  • Өскемен - Самар - Тарғын

  • Мамай батыр аулы - Бозанбай

  • Омбы - Майқапшағай

  • Октябрьск өткелі - Алтайка елдімекені - Ново-Хайрузовка

  • Алтайка - Чапаево

  • Шемонаиха - Секисовка

  • Тарханка - Топиха

Әр учаскеге тиісті мамандар бекітілді. Ақпан айының үшінші онкүндігінде мамандар су өткізгіш құрылыстарын бақылауға ала бастайды.