ШҚО-да орталықтандырылған ауызсу тартуға басымдық берілуде

421
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, таза ауызсу тарту бойынша өткен жылдың көрсеткіші 83,2%-ды құраған. ШҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Фархат Белбеевтің айтуынша, алдағы уақытта бұл сандар тағы бірнеше пайызға арта түспек.
- Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында "Ақбұлақ" бағдарламасына сәйкес елдімекендерге ауызсу құбырлары тартылуда. Десе де әлі толыққандай қамтылмай елдімекендер де бар. Алдағы уақытта бұл жұмыстың көрсеткіші 85%-дан аспақ, - деді ол.