ШҚО-да Прокуратураның араласуымен екі адам өз жұмысына қайта орналасты

493
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында Прокуратураның араласуымен екі қала тұрғыны өз жұмыстарына қайта орналастырылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шемонаиха қаласының колледжіне оқытушы мен қызметтік бөлмелерді жинастырушы қайта өз жұмыстарына орналастырылды. Қызметші денсаулығының жағдайына байланысты, ал, оқытушы аттестация нәтижелері бойынша жұмыстан босатылған. Оқу мекемесінің қызметшілері өздерінің құқықтарын қорғау үшін аудандық сотқа жүгінген.

Сот олардың талаптарын қанағаттандырмаған. Ал, прокуратура, соттың шешімімен келіспей, апелляциялық наразылық келтіріп, нәтижесінде олардың талап-арыздары қанағаттандырылды.

Атап айтқанда, дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысына сәйкес, жинастырушыға тек қана үш ай бойы ауыр дене еңбегімен айналысуға тыйым салынған, ал, колледждің оқытушысын аттестациялық комиссияның алдын ала отырысын өткізбей жұмыстан босатқан. Бұл қолданыстағы заңнаманың өрескел бұзушылығы болып табылады.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша «ШҚО білім беру Басқармасы» ММ-не атына тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарылған.