ШҚО-да «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешен 20-дан астам өтелмеген айыппұлдары бар жүргізушіні анықтады

513
көрілім

Маусым айының 9-11 аралығында аралығында жүргізілген шара барысында әкімшілік және жергілікті полиция қызметінің өкілдері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс атқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде «Борышкер» жедел профилактикалық шарасы өз мәресіне жетті. ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, үш күн ішінде 17 млн. теңгеден астам сомаға 1460 қаулы өндіріліп алынды. Сомасы 15 млн теңгеге жуық 1171 қаулы мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілсе, қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 137 автокөлік қамалды.

- Маусым айының 9-ы күні тәртіп сақшылары облыс орталықтарының бірінде Риддер қаласының 39 жастағы тұрғыны тізгіндеген «TOYOTA» маркалы көлігін тоқтатып, тексеру кезінде төленбеген жалпы сомасы 254 006 теңгені құрайтын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 22 ұйғарымы анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.