ШҚО-да соңғы жылдары қой саны азайып барады

591
көрілім

Соңғы жылдары өңір бойынша қой шаруашылығы бәсең тарта бастады. ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубековтың айтуынша, облыстағы көптеген елді мекендерде қой саны жыл сайын азайып бара жатыр.

Қой шаруашылығының төмендеп бара жатқандығы рас. Қой басы әсіресе Абай мен Тарбағатай аудандарында азайған. Осы мәселе бойынша біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жазған едік. Субсидияға қосымша қаржы берілсе деп ұсыныс жасадық. Егер ұсынысымыз қабылданса, судсидия бөлуге әркез дайынбыз, – дейді Қонысбай Төлеубеков.

Айта кетсек, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасымен алдағы уақытта тұқым өсіру шаруашылығын қолдауға – 4,2 млрд. теңге, минералды тыңайтқыштарға – 215 млн. теңге, мал шаруашылығына 4 млрд. теңге субсидия бөлінеді деп жоспарланған.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ