ШҚО-да сотталғандарға вакцина салынуда

771
көрілім

ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, есепте тұрған сотталған азаматтарға ерікті түрде КОВИД-19 короновирустық эпидемиясына қарсы екпе салынуда.

Қазіргі танда Солжағалау аудандық пробация бөлімінде есепте тұрған сотталғандар саны 190 адам солардың ішінде екпе алғандар саны шамамен 50 адамнан асқан.

- Ерікті түрде КОВИД-19 короновирустық эпидемиясына қарсы  екпе алып жатқандар саны күн санап артуда.  Атап айтсақ ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде эпидемияға қарсы 1750 дана екпе бөлінген, - деді әділет лейтенанты Е.Е.Малғаждаров