ШҚО-да су тасқынын алдын алу үшін 457 тонна жанар-жағармай әзірленді

169
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Облыс әкімдігі ұсынған ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қауіпті учаскелер анықталып, өзен арналарын, каналдарды тазарту, бөгеттерді күшейту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, су өткізу құбырларын ауыстыру жұмыстары атқарылды.

Бірақ температураның күрт өзгеруіне байланысты су тасқыны өткен жылы желтоқсан айында Риддер қаласында тіркелді. ЛК ГЭС-те қар мен мұздың үлкен массасы пайда болып, артық суды түсіру әдеттегі 6-12 күн орнына, 34 күнге созылған. Соның салдарынан 36 саяжайды су басты. Келген шығын ЛК ГЭС компаниясы есебінен өтеледі.

Ақпан айында Өскемен қаласында бір ауланы, Зайсан қаласында 3 көшені су алды. Катонқарағай және Күршім аудандарында еріген қар суын ауылға жеткізбей арнасын бұрды. Материалдық шығын жоқ және тұрғындар зардап шеккен жоқ, деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Елжан Қайырханов.

Анықталғандай, көктемгі су тасқынына орай 457 тонна жанар-жағармай әзірленді.