ШҚО-да су тасқынына байланысты жұмыс топтары құрылды

401
көрілім

Олардың құрамына әкімдіктердің, төтенше жағдайлар департаментінің, Ертіс бассейндік инспекциясының және басқа да ведомстволардың қызметкерлері кірді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, су тасқынына дайындық жөніндегі жұмыс топтары облыстың барлық аудандарын аралауда. Онда қар шығару, су өзкізгіш құбырлары мен арналарды тазалау, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен қажетті материалдық-техникалық құралдарының дайындығын тексеріп, халықпен профилактикалық жұмыстарға талдау жүргізіліде.

Сонымен қатар топ мүшелері өзендерде жоспарланған жарылыс жұмыстары жүргізілетін орындарға барып, тасқын суларының апатсыз өтуін қамтамасыз етуін қадағалайды.

- Жұмыс топтары  азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек жеткізу, көлік қызметтерін көрсету, төтенше жағдайлар кезінде жанар-жағармай жеткізу жөнінде кәсіпкерлермен келісім-шарттар жасалуын тексереді», - делінген ақпаратта

Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерінде жауапты қызметкерлердің тәулік бойына кезекшілік кестесі белгіленді. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлар болып жатса, халықты хабардар ету схемасы белгіленген.

Лаула КИМАДИЕВА