ШҚО-да теннистен оқушылар арасындағы республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

642
көрілім

ШҚОда теннис ойындары бойынша ІІ категориялы республикалық турнир аяқталып, жеңімпаздар қатары белгілі болды. 5-9 маусым аралығында өткізілетін турнирге жас шамасы 9-14 жасты құрайтын балалар қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана, Алматы, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай, Тараз, Қызылорда, Екібастұз және Өскемен қалаларынан қатысқан спортшылардың жалпы саны 51 адамды құрады.

Сайыс қорытындысы бойынша қыздар арасынан А.Советқанқызы – І орын, Т. Нұрғалиева – ІІ орын, А. Рахматуллина ІІІ орынға ие болып жеңімпаз атанды.

Ұлдар арасынан сайыста өз шеберліктерін жоғарғы деңгейде көрсете білген жүлдегерлер қатары мынадай: Ж. Козбак – І орын, И. Кизинов – ІІ орын, В. Борутто – ІІІ орын.

Ойын соңында сайысқа қатысушылар медальдар мен кубоктормен, мақтау қағаздарымен және 1-ші орынға 10000 тенге, 2-ші орынға 7000 тенге, 3-ші орынға 5000 тенге көлемінде тігілген сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, сайыскерлерге теннис ракеткаларын салатын сөмке сынды спортқа қажетті бағалы сыйлықтар табысталды.