ШҚО-да тәртіпке бағынбаған азамат қамауға алынды

607
көрілім

Шығыс Қазақстанда шектеу түріндегі жазамен есепте тұрған азамат жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, қамауға алынды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің  инспекторы, әділет лейтенанты Ерасыл Мәлғаждаров мәлімдеді.

«Жазасын шектеу түрінде өтеп жүрген азамат бірнеше рет құқық бұзған. Атап айтсақ, алкогольді ішімдік ішіп, қоғамдық орында бұзақылық жасаған. Бір емес, тәртіп төрт рет бұзылған. Оның үстіне түн тыныштығын бұзғаны және бар. Сонымен қатар Пробация кызметі белгілегендей 15 күн сайын келіп, тәртібі жөнінде есеп беретін кезекті тіркелуге 5 рет кешіккен. Еліміздің Қылмыстық атқару Кодексынын 66 бабы, 1 бөлігі бойынша сотталғандар Пробация қызметі белгілеген мерзімде барып, тәртібі жөнінде есеп беруге міндетті. Ал азамат ол міндетті орындамағаны үшін бес рет жазбаша ескерту алған еді», дейді ділет лейтенанты Ерасыл Мәлғаждаров.

Жоғарыда аталған тәртіпті сақтамағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.