ШҚО-да толықтырылған айқындық технологиясы қолданылған фото-бейне альбом жасалды

273
көрілім

Шығыс Қазақстанда Augmented Reality (толықтырылған айқындық) технологиясы қолданылған фото-бейне альбом шығарылды. Ол облыстағы орта мектеп оқушылары арасында өткен Туған жердің табиғаты атты фото-бейне конкурстың қорытындысы бойынша жасалып отыр. Басылымның атауы — «Менің туған өлкем».

Альбомға конкурс жеңімпаздардың ғана емес, басқа да қатысушылардың фотосуреттері кірді. Қатысушылардың саны 200 адамдай. Конкурс аясында оқушылар фото және видео ісіне дағдыланумен қатар заманауи мультимедиялық технологияларға қосыла алды.

Толықтырылған айқындық деген не? Augmented Reality — біздің күнделікті өмірімізге компьютер, заманауи технология мен гаджеттер арқылы кіріп, виртуалды элементтер қосылады (сурет, бейне, 3Dүлгі).

«Менің туған өлкем» альбомының 19 данасы шығарылды. Оларды аудандық, қалалық білім бөлімдеруне тарату жоспарлануда.