ШҚО-да тұман күтіледі

394
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстік жартысында бұрқасын соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстік- батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, оңтүстік-батыста екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан асуы ықтимал.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел - 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.