ШҚО-да тұман түседі

384
көрілім

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, түнде- 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.