ШҚО-да тұман түседі

225
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың солтүстік жартысында көбінесе қар түрінде жаяу бұрқасынмен, оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде найзағай болады.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде батысында, орталығында жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.