ШҚО-да тұман түседі

347
көрілім

Бүгін фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерлерінде – аздаған қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика аумағының қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсуі мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады.