ШҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

295
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандар болжамынша, кей жерлерде қар және нөсер жауын жауады. Синоптиктер ұсынған мәліметтерге сүйенсек, бүгін күн райы елдің батысында ғана ашық болады.

Жалпы республиканың бірқатар бөлігінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, батысты шаңды дауыл көтеріледі деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Одан қоса, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.