ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

281
көрілім
Шартты фотосурет

Мамандар 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты  ОҚО-ның кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстік және орталық аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болып, кей өңірлерінде тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз күн күркіреп, түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.
ШҚО-ның басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз және түнде тұман түсуі күтіледі.