ШҚО-да «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

393
көрілім
Шартты фотосурет

Маусым айының 9-16 аралығында облыс аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары жиі жанжал болатын мекенжайларға, тұрмысы нашар отбасыларға барып, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген құқықтар мен жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

- Құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың жүргізіліп жатқанынан қарамастан, күнделікті ауыр және аса ауыр қылмыстар жасау фактілері жалғасуда, - дейді мамандар.

2021 жылдың бес айының қорытындысы бойынша облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 74 қылмыс тіркелген.