ШҚО-да үйінде револьвер сақтаған ер адам қолға түсті

400
көрілім

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес мамыр айының 17-сінен бастап республика аумағында «Қару» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осының нәтижесінде заңсыз айналымнан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылған бірнеше факті тіркелді.

Белгілі болғандай, маусым айының 11-нде ПД Қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілдеріне үйінде атыс қаруын сақтайды деген ер адамға қатысты жедел ақпарат келіп түскен.

Тәртіп сақшыларының жұмылдырылуымен күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында, 26 жастағы ер адамнан оқ-дәрілермен жабдықталған револьвер, сондай-ақ автоқалам ретінде жасырылған қолдан жасалған атыс қаруы тәркіленді.

Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша қолдан жасалған қалам - 5,6 мм калибрлі бір оқтаулы тапанша екені анықталып, револьвер 9 мм калибрлі газ патрондарымен атуға жарамды болып шықты.

- Аталған азамат бұрын сотталған, қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Тергеу органы одан тыйым салынған заттарды табуға байланысты барлық мән-жайларды анықтайды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанннан бері, 28 күн ішінде ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 58-ден астам атыс қаруын, оның ішінде түрлі модификациялы және калибрлі шолақ мылтық, тапаншалар мен ойық мылтықтар алынды.