ШҚО-да жел екіпіні күшейеді

420
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін циклонға әкелген атмосфералық ағынға байланысты республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің бірқатар аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек елдің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болады деп болжануда.

Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстік пен орталықта түнде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.