ШҚО-да жел екпіні күшейеді

297
көрілім

Республиканың солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ел аумағының қалған бөлігінде күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.