ШҚО-да жел екпіні күшейеді

753
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін Қара теңіз аймағынан келетін циклон республиканың барлық аймақтарына әсер ететіндіктен кей жерлерде нөсер жаңбыр мен қалың қар жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжауда.