ШҚО-да жел екпіні күшейеді

336
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылып, кей өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнап, жел күшейеді. Дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15- 20 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз ШҚО-ның кей жерлерінде найзағай ойнайды.