ШҚО-да жел екпіні күшейеді

338
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кәсіпорын мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарында сондай-ақ шаңды дауыл көтеріледі.
Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады деп болжауда.