ШҚО-да жел екпіні күшейеді

458
көрілім

Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік-шығыстың және шығыстың кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте және оңтүстік-батыста ауа райы ашық болады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, ШҚО-ның кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады деп болжауда.