ШҚО-да жел екпіні күшейеді

1446
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде найзағай күтіліп, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ жауып, желдің 18-23 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.