ШҚО-да жел екпіні күшейеді

634
көрілім
Шартты фотосурет

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ел аумағының батыс, солтүстік-батыс аймақтарында найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, республиканың қалған аумақтарына антициклон жотасынның әсер етуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі ықтимал, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының шығысында және оңтүстігінде жел екпіні күшейіп, Қостанай, Қарағанды облыстарының батыс және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.