ШҚО-да жел екпіні күшейеді

295
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай күтіледі, 15-20 м/с екпіндегі желдің жылдамдығы 23 м/с артады. Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 23-28 м/с күшейіп, Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с артады.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел күшейеді деп болжануда.