ШҚО-да жел екпіні күшейеді

237
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталуынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Тұман түсіп, күндіз батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда. Жаяу бұрқасынмен соғып, көктайғақ болуы ықтимал.