ШҚО-да жел екпіні күшейеді

343
көрілім

Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар араласып жауып, жел күшейіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі coronavirus.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстікте жаяу бұрқасын, ал оңтүстікте найзағай жарқылдайды. Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 23-28, орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында кей уақыттарда жылдамдығы 30 м/с жетеді деп болжануда. Солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысында желдің 15-20, оңтүстігі мен батысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейіп, батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасындатып, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді, батысы, солтүстігі мен орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.