ШҚО-да жолда қалған жолаушылар, аяғы ауыр әйел, бала және қарт адамдар құтқарылды

146
көрілім
Фотосурет ru.sputnik.kz сайтынан

Шығыс Қазақстанның автокөлік жолдарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Өскемен-Алматы" жолында қар құрсауында 3 автокөлік қалып қалды. Көмекке ШҚО ТЖД  Шұғыл -Құтқару-жасағы келіп, "Камаз-Вахта" автокөлігімен 13 жолаушыны,соның ішінде 2 қарт адам, 1 аяғы ауыр әйел және 1 баланы Өскемен қаласына жеткізді.

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты ШҚО ТЖД -де жедел штаб құрылды,азаматтарға 87232-55-38-19 телефон нөмері бойынша қызмет көрсетеді. ШҚО ТЖД азаматтардан құтқарушылардың ұсыныстарын орындауларыңызды сұрайды. Дауыл туралы хабарланған жағдайда, өміріңізді тәуекелге салмай тұрғылықты елді-мекендеріңізден алыстамау қажет. Ауа райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан біле аласыз. Төтенше жағдайлар туындағанда 112 нөмеріне хабар беріңіздер.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі