ШҚО-да жолдар жабылды

255
көрілім

Кешегі қарлы боранның салдарынан ШҚО-ның кейбір өңірлері мен Өскемен-Семей бағытындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

"Казавтодор" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, 20 қарашада сағат 09.00-ден бастап жүк көлігі, сондай-ақ жолаушылардың рейстік автобустары үшін Өскемен-Семей республикалық маңызы бар автожолдарында 10-198 км учаскеде (Герасимовка а.-Семей қ.), "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" автомобиль жолында 15-105 км (Белоусовка а.- Риддер қ.) шектеу қойылды.