ШҚО-да жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті

536
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында он жасар қызды жүк көлігі қағып кеткен. Қыз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шемонаиха аудандық ІІБ жергілікті полициясы қызды қағып кеткен ГАЗ-53 автомобилі екенін анықтаған. Нұсқалардың біріне қарағанда, телефонда сөйлесіп келе жатқан қыз машинаны байқамай қалған. Оқиға орнында жаяу жүргіншілер өтетін жолақ жоқ. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль баяу келе жатқан, бірақ тежеп үлгермеген.

Қыз «жедел жәрдеммен» аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған қыз облыстық ауруханаға ауыстырылуы мүмкін. Полиция жүргізушінің қанынан спиртті ішімдіктердің белгілері табылмағанын мәлімдеді. Жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.