ШҚО-дағы ата-аналар балаларының сабаққа қатысуы мен асханаға жұмсаған шығындарын бақылай алады

302
көрілім

Smart-мектеп – білім саласындағы инновация. ШҚО әкімі Даниал Ахметов атқарушы органдарға Шығыс Қазақстан облысындағы мектептерде осы жобаның іске асырылуын қадағалауды тапсырды. Оның мақсаты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектептегі үдерістерді автоматтандыру болып табылады.

Ол үшін қаладағы барлық орта білім беру ордаларына ұйғарылған бейнені нақты уақыт режимінде көруге арналған, сондай-ақ өтіп жатқан жағдайды автоматты түрде жазып алып, бейнежазбаны көрсететін және сақтап алатын бейнебақылаудың ерекше жүйесі орнатылу керек. Бұл жүйе мектеп ғимаратына кіруді бақылап, ата-аналарды оқушының сабаққа келуін СМС хабарлама арқылы автоматты түрде ақпараттандырып тұрады.

Бұдан бөлек, оқушылар оның көмегі арқылы түскі ас ақысын төлеп немесе кітапханадан керекті кітабын алуға мүмкіндік беретін смарт-картаны иеленуі керек. Бұған қоса оқушының тағам мөлшері туралы ақпарат оның Жеке кабинетінде көрсетіліп тұрады. Ата-аналар оған желі арқылы кіріп, баланың сабаққа қатысуы, кешігіп келуінің саны, кітапхана қорымен қаншалықты жұмыс істегені туралы статистиканы көріп, асханаға кетірген шығынын қадағалай алады.

Бұл жоба «Ақылды қала» бағдарламасының бір бөлшегі болып табылады.

Әзірше Шығыс Қазақстанда мектеп үдерістерін автомттандыру бойынша алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Соның ішінде Астана қаласындағы №15 мен №3 лицейлерде пилоттық режимде апробация жасалып жатқан Smart-мектеп жүйесінің жұмыс тәжірибесі зерттелуде. Қазірдің өзінде алғашқы жағымды қорытындылары анықталуда.

Елена Мацковская