ШҚО-дағы газ тарту жұмыстары: ресейлік «Газпроммен» келіссөздер жүргізілуде

76
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Риддер тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Шығыс Қазақстан облысын толық газдандыру үшін министірлік екі нұсқаны қарастырып жатыр. 
Біреуі –«Қостанай – Астана – Өскемен – Зайсан» бағыты бойынша батыс өңірлерден газ тарту (жобаның құны – 778 млрд теңге). 
Екіншісі – Ресей Федерациясынан газ тарту. Бұл ретте ресейлік «Газпром» компаниясымен бірлесіп, «Ресей Федерациясы – Қазақстан – Қытай Халық Республикасы» арқылы газдандыру мәселесі талқыланды. 
Қазіргі уақытта еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарға транзистік газ құбырын салу жоспарланып, келіссөздер басталып кетті.
Барлық дерек тексерілгеннен кейін газдандырудың тиімді нұсқасы әзірленеді.