ШҚО-дағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді?

96
көрілім

Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандықтар бұл айда үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
- 4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді, - ХҚКО мамандары.
 Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін жалғасады.
10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.