ШҚО-дағы кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға алу кезінде әкімшілік кедергілер келтірген

466
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері бірлесе бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобы кәсіпкердің өтінішін қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өз өтінішінде кәсіпкер «ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорық» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына шағымданды. Яғни кәсіпкер веломобильдерді жалға беру нүктесін бұрын жабдықтап, осы жерде қызмет көрсеткен, алайда 2023 жылдың наурыз айынан бастап кәсіпорнының басшылығы кәсіпкермен аталған жер учаскесін жалға беру шартын жасасудан бас тартқан. Коммуналдық мекеме басшысының жер учаскесін беру үшін жалға алушыны жеке таңдауға құқығы бар. Жалға алушыны таңдау процедуралары мен критерийлері бекітілмеген.
Антикор мен «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін мұражай басшылығымен кеңес өткізіліп, нәтижесінде кәсіпкермен шарт жасалды. Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осындай жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс бойынша қоғамдық парктер аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу үшін аукцион өткізу туралы ұсынымдар әзірлеуде.
Сонымен қатар, қоғамдық саябақтардың берглігі тәртіппен жұмыс істеуі үшін саябақтардың ортақ тұжырымдамасын әзірлеу, өтінімдер жобаларын жариялау және т. б. жолымен критерийлердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда.