ШҚО-дағы соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

110
көрілім
Фотосурет syrboyi.kz сайтынан

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында адамдардың жекелеген санаттарына жыл сайын біржолғы төлемдер жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл осы төлемдерге 307,7 млн. теңге көзделген. Оның ішінде:
- Ұлы Отан соғысының 14 қатысушысы мен мүгедектеріне - 1,5 млн. теңгеден 21 млн. теңгеге;
- 362 ардагерге (тыл еңбеккерлеріне, блокадашыларға, тұтқындарға, жесірлерге) - 100 мың теңгеден 36,2 млн. теңгеге;
- 5010 марапатталмаған тыл еңбеккері – 50 мың теңгеден (облыстық бюджеттен – 20 мың теңгеден, жергілікті бюджеттен -30 мың теңгеден) 250,5 млн. теңгеге ие болмақ.
Барлық санаттарға төлемдер 9-шы мамырға дейін жүргізіледі.