ШҚО-дағы түзеу мекемелерінде 5 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр

667
көрілім

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлайды. Жуықта облыс прокуроры Бағбан Таимбетов Өскемен қаласында орналасқан 4 түзеу мекемесіне бас сұғып, 90 сотталғанды қабылдады.

Құзырлы органның баспасөз ақпаратына сәйкес, түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрақты мониторинг жасау үшін облыстың колонияларында прокуроры кабинетінің институты енгізілген. Осы шаралар Бас прокуратураның «Қоғамға – азаптаусыз» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылған. Оның мақсаты – қылмыстық процессте және бас бостандығынан айыру жерлерінде азаптауды жою.

Жеке қабылдау барысында сотталғандарға нақты жауаптер беріліп, қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың нормалары түсіндірілді. 37 сотталған өздерінің тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемелеріне ауыстыруды сұрады. Бұдан басқа, денсаулықты жасқарту және дене шынықтыру үшін колонияларды қосымша спорт құралдарымен жабдықтау туралы шешім қабылданды.

Осы тектес Семей қаласы, Жарма және Шемониха аудандарында орналасқан колонияларда облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Мейрамбек Қосажан