ШҚО-ның аудан, қалаларында ҰОС ардагерлеріне берілетін төлемақының мөлшері белгілі болды

714
көрілім
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық бюджеттен барлық ҰОС ардагерлеріне 500 мың теңгеден табысталатынын атап өткен болатын. Мереке қарсаңында Шығыс Қазақстандағы аудандар мен қалалардағы жергілікті бюждеттен де ардагерлерге табысталатын ақшалай сыйақының мөлшері бекітілді. Бұл жолы жергілікті бюджет бөлетін сомадан ҰОС ардагерлерінің жесірлері, тыл еңбеккерлері, қуғын-сүргін құрбандары мен мүгедек балалар да құр қалмайды.

 

Қала, аудан атауы

Тұрғындардың санаты

Төлемақы көлемі

Өскемен қаласы

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Мөлшері 43 мың теңгеден аспайтын зейнетақы алушыларға 20 000 теңге

9 мамыр — Жеңіс күні мерекесі

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 100 000 теңге
ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдары адамдарына 60 000 теңге
ҰОС кезінде майдандағы әскер құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери Теңіз флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына 65 000 теңге
ҰОС кезінде майдандағы әскер мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелерде полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандарға 60 000 теңге
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шетел аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрамалар құрамында болған адамдарға 60 000 теңге
Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСРО Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүтсік теңіз флоты Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының ҰОС кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндетін атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ ҰОС бас кезінде басқа мемлекеттердің кемежайларында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне 50 000 теңге
Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға 55 000 теңге
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына 55 000 теңге
ҰОС уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 65 000 теңге
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға 10 000 теңге
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс атқарған (қызмет еткен) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 5 000 теңге
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 24 000 теңге
Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 5 000 теңге
Аягөз ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 80 000 теңге
Глубокое ауданы

9 мамыр — Жеңіс күні

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 100 000 теңге
ҰОС кезінде майдандағы әскер құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери Теңіз флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына 65 000 теңге
Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға 65 000 теңге
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелеттік жасқа толмаған бұрынғы тұтқындарына 65 000 теңге
Бұрынғы КСРО қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, Ағанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығып, мүгедек болған әскери қызметшілерге 65 000 теңге
ҰОС уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 65 000 теңге
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға 25 000 теңге

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына 3 000 теңге
Жарма ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 90 000 теңге
ҰОС уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 70 000 теңге
Зайсан ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 500 000 теңге
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер және ҰОС уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 60 000 теңге
Катонқарағай ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 85 768 теңге
Көкпекті ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 61 263 теңге
ҰОС уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 30 632 теңге
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен марапатталғандарға 6 126 теңге
Күршім ауданы ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен марапатталғандарға 3 000 теңге
Жеңілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер 25 000 теңге
Тарбағатай ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 125 000 теңге
ҰОС мүгедектерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне 10 000 теңге
Тыл ардагерлеріне 10 000 теңге
Ұлан ауданы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 100 000 теңге
Ағанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына 60 000 теңге
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға 15 000 теңге
Үржар ауданы

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мүгедек балаларға 10 000 теңге

9 мамыр — Жеңіс күні

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына 100 000 теңге
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендерге 25 000 теңге
Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 25 000 теңге
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға 25 000 теңге
Азамат ТЕМІРБЕКОВ
Фотосурет: orken-media.kz