Шығыс Қазақстан облыстық аурухана науқастарға қызмет көрсетудің жаңа технологияларын енгізуде

312
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының консультативті-диагностикалық орталығында талдау алуға электронды кезек жұмыс істей бастады. Талон алған пациенттер өз кезегін фойеде отырып, еш алаңдамай күте алады. Электронды тақташада кезектің нөмірі мен пациенттің тіркелетін кабинеті көрсетіледі. Бір уақытта бюджеттік және ақылы пациенттердың кезегі қатар жүріп отырады. Олар екі түрлі кабинетте тіркеледі. Бюджеттік және ақылы пациенттерді тіркеудің жылдамдығы екі түрлі болады, бірақ бұл да электронды жүйеде есепке алынған.

Тіркеу кезінде жеке бас куәлігі сканерден өткізіліп, әр пациентке штрихкод беріледі. Бұл штрихкод пробиркаға түсіріледі. Демек, талдаудың жоғалуы немесе тегі бойынша ауысып кету қауіпі жойылады. Талдаудың мәліметтері базада сақталады. Басқа медициналық мекемелердің базасына қосылуы дәрігерге нәтижені бірден алуға мүмкіндік береді. Науқас жеткенше, талдау дәрігердің қолында болады. Зертхана талдау алатын орыннан 30 метр жерде орналасқан. Қателік жіберу мүмкін емес. Қажет болған жағдайда өзге құрал-жабдық арқылы тексеріліп, мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізіледі.

Жаңа өзгеріс жайлы бас дәрігердің медициналық қызметті ұйымдастыру және сапасын басқару бойынша орынбасары Борис Галич комментарий берді: «Осы жылдан бастап біз тіркеу жобасының құрылымын өзгертудеміз. Жобаны бір ай бұрын бастап кеттік. Бұл уақыт аралығында талдау алу блогы әзірленді, яғни логистика мен навигация құрылды. Жобаның электронды салындысын «Рейтинг» фирмасы қамтамасыз етті. Бір апта ішінде пилоттық нұсқада біз жобаны байқап көрдік. Көңілімізге жақты, басқа адамдарға да ұнаған тәрізді.

Расында, он минут ішінде кезектің құрылымы үш рет ауысып үлгерді. Фойеде тыныш, тек тіркеушінің дауысы ғана естіліп тұрады. Борис Викторовичтің сөзіне сенсек, күніне орташа алғанда 350 науқас келеді. Бұрын адамдар кезекте көп тұратын. Мұның барлығы енді артта қалды.

Терминалдың жанында кеңесші жұмыс істейді. Науқастар легі көбейсе, тағы бір қызметкер көмекке келеді.

Жақын арада электронды тіркеуді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Барлық пациенттер бір кабинеттің алдында тұрып қалмау үшін логистика әзірленуде.

Облыстық аурухананың консультативті-диганостикалық орталығындағы жаңа енгізулер облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған «Ақылды қала» концепциясына кіреді.