Шығыс Қазақстанда «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда

344
көрілім

ШҚО-да туризмді дамыту үшін көптеген шаралар атқарылып жатыр. Бұл жайлы Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытуға арналған 2023 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес, өңірде «Алтайдың інжу-маржаны» туристік кластерін қалыптасып келеді.

Көлік жолдарын туристердің келуін жеңілдететін негізгі факторларының бірі ретінде ескере отырып, соңғы екі жылда облыстың негізгі туристік объектілеріне болып саналатып Алакөл, Сібе көлі, Марқакөл, Нұртау тау шаңғысы курорттарына апаратын жолдар жөндеуден өткізілген. Жалпы алғанда, көлік инфрақұрылымын қалпына келтіруге 4,3 млрд. теңге жұмсалды.

Жағажай туризмін дамыту аясында биылғы жылы Сібе көлдері мен Алакөлдің жағалауларына 550 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жасалды.

Келесі жылы аймақтық бюджет есебінен Алакөл жағалауындағы Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай ауылына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Әкім бұл жұмыстың маңыздылығын жағалау сызықтарын ретке келтіруден кейінгі екінші орынға қойды. Қайта құру жұмыстарына жұмылдырылған бюджет көлемі 1,3 млрд теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап Өскемен қаласынан Семей арқылы Жалаңашкөл станциясына апаратын темір жол қозғалысының енгізілуі, жолаушыларды тасылмалдауды біршама жеңілдетіледі деп күтілуде.

Болашақта облыс көлдері мен Бұқтырма су қоймасының жағалауларында ірі жер учаскелерін инвентаризациялау жоспарланып отыр. Бұл рекреациялық аймақтарды қалыптастыру мақсатында қосымша резервтерді анықтау үшін жасалатын болады. Пайдаланылмаған жер телімдері туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталмақ.