Шығыс Қазақстанда биыл ауқымды жол құрылыстары басталады

762
көрілім

Шығыс Қазақстанда биыл ауқымды жол құрылыстары басталады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында Семей-Қалбатау автожолының бір бөлігінің жаңғырту жұмыстары қашан аяқталады? Осыдан үш жыл бұрын Семей мен Қалбатау жолы пайдалануға берілген. Бірақ, бір учаскесі қалып, әлі аяқталған жоқ. Енді ол қашан аяқталады, – деп сұрады министрден Жарма аудандық мәслихатының депутаты Айгүл Сахметжанова.

Жеңіс Қасымбек Қалбатау мен Семейдің екі арасы 150 шақырым екендігін, оның 36 шақырымды құрайтын бір учаскесінде жөндеу жұмыстарының аяқталмағандығын мойындады.

Ол учаскенің мердігері осы жылы анықталды. Енді алдағы үш жылдың ішінде ол құрылыс жұмыстар бітеді. Бірақ Қалбатаудан осы жылы үш бағытта жұмыстарды бастағалы отырмыз. Ол – Қалбатаудан Өскеменге, Қытай бағытында Майқапшағайға және Аягөз бен Талдықорғанға баратын жол. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша үлкен-үлкен жол салу жұмыстары басталады, – деді министр.